Бүгіннен бастап барлық өңірде жұма намазы жамағатпен оқылады. Мұндай шешім еліміздің Бас санитары Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес қабылданып отыр. Естеріңізде болса, пандемияның өршуіне байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында мешіттерде намаз оқу уақытша тоқтатылған болатын. Сондай ақ бұл тізімде Қарағанды, Жамбыл облыстары да бар еді. Әлі де болса індет қаупі толық сейілген жоқ, сондықтан мешітке кірерде міндетті түрде бетперде тағып, арақашықтық сақтау секілді санитарлық нормалар талап етіледі. Қаулыға сәйкес, ғибадат үйінде құлшылық етуші екі адамның арасы 4 метрден жақын болмауы тиіс.
️