Түркістан облысы волейбол федерациясының президенті тағайындалды. Бұл лауазымға облыстық сот төрағасы Тұрысбек Мыятбеков лайық деп танылды. Айта кетейік, өңірде волейбол федерациясы былтыр ғана құрылған болатын. Қазір бірыңғай талантты ойыншылардан жасақталған «Тұран-Динамо» командасы Қазақстан чемпионатының жоғары лигасында өнер көрсетіп жүр. Тіпті былтыр түркістандық волейболшылар жоғары лигада үздік бестікке енді. Команда келер жылы волейболдан Ұлттық лигаға өтуді көздейді. Келе сала жаңа басшы жастар арасында волейбол спортын дамытуға жаңашылдық енгізетінін мәлімдеді.
️