Түркістан
EN

АҚШ-тағы лаңкестік әрекетке 20 жыл

345
15.09.2021 23:00

11-і қыркүйектегі АҚШ-тағы лаңкестік әрекетке 20 жыл толады. 2001 жылы содырлар 4 ұшақты ұрлап әкетіп, Нью-Йорк сауда орталығы ғимаратына шабуыл жасаған болатын. АҚШ Мемлекеттік департаменттің соңғы мәліметінде "лаңкестік әрекеттен 3 мыңнан астам адам қаза болды" делінген. Террористік шабуылдар үшін жауапкершілікті «Аль-Каида» террористік ұйымы өз мойнына алды.

Қазіргі таңда 11 қыркүйек құрбандарының отбасы мен зардап шеккендерге көмек қоры 40 000 адамға көмек көрсеткен. Оған шамамен, 11, 6 млрд доллар АҚШ доллары жұмсалды. Қор өкілдерінің айтуынша, соңғы уақытта өтемақы алуға өтініш білдіргендер саны артып келеді.

️