Ауғанстандағы қандастарымыздың бір шоғыры елге жеткізілді. Қорғаныс министрлігінің ұшағымен Алматыға барлығы 41 жолаушы ұшып келді. Эвакуациялық рейс Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылды. Қайтару жұмыстары «Талибан» қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды. Қазір қандастар карантин талабына сәйкес уақытша оқшауланған. Ал сыртқы істер министрлігі қандастарды отанға қайтару жұмыстары тоқтамайтынын айтады. Елге келуге өтініш бергендердің этникалық сәйкестігі расталып, эвакуациялау жалғасады.
️