Жақсы адамға арзан бағаға жалға беремін. Түркістандағы пәтер жалдау нарығындағы тапшылықты алаяқтар бизнес көзіне айналдыра бастады. Алаяқтар танымал жарнама беру алаңдарына арзан бағаға пәтерлерді қояды екен. Хабарлассаңыз өздерін агенттік өкілдері ретінде таныстыратын олар, телеграмм арналарға қосылу керектігін айтады. Ол үшін алдын-ала төлем жасауыңыз керек. Жалға берушінің алаяқ екенін қалай ажыратуға болады? Мұндай пысықайларға алданбау үшін нені білу қажет? Назым Қайратқызының репортажы.
️