Мәжіліс депутаты: Әрбір балаға 18 жасқа дейін 230 мың теңгеден төленуі керек

208
26.05.2021 13:28

Әрбір балаға 18 жасқа дейін 230 мың теңгеден төленуі керек. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Айжан Сқақова үкімет балаларға арналған барлық жәрдемақыларды біріктіріп, оны Қазақстандағы орташа жалақы деңгейіне көтеруі керек екенін айтты. Халық қалаулысының сөзінше, елімізде 2,6 миллион кедей азамат, ЮНИСЕФ бағалауы бойынша миллионға жуық кедей бала бар екен.  Бұл ретте мемлекет төлейтін жәрдемақы балаларға мүлде жетпейді. Сондай-ақ ол балалары бар және аз қамтылған отбасылар үшін нөлдік пайыздық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу туралы ұсыныс жасады.

 АЙЖАН СҚАҚОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз. Бірінші балаға - 16 802 теңге, екіншісіне - 19 865 теңге, үшіншісіне - 22 898 теңге, төртінші және одан көп балаларға - 25 961 теңге төленеді. Бұл бір балаға күніне 560-865 теңге деген сөз, ал бір тұтқынның тамағына 1018 теңге жұмсалады. Баланың анасына жәрдемақыда ақша қарастырылмаған. Сондықтан бұл төлемдерді жойып, 18 жасқа дейінгі әр балаға бір әмбебап жәрдемақы енгізуді сұраймын!