“Тобыл” футбол клубында допинг дауы

69
16.09.2021 04:13

Тағы да допинг дауы. УЕФА ұлттық құраманың мүшесі және қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Руслан Валиуллинге қатысты іс қозғады.  Бұл жөнінде жерлесіміз өнер көрсететін «Тобыл» командасы мәлімдеді. Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізілуде. Айта кетейік, күні кеше «Тобыл» клубының қорғаушысы допинг сынақтан сүрінгені белгілі болды. Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуі аясында Украинаға қарсы ойынға қатысып, екі бірдей гол соққан еді. Ал кейін Финляндия және Босния құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады.