“Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпазы анықталды

141
16.09.2021 04:10

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды. Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылының тұрғындары Жамаловтар әулеті енді республикалық сайыста Түркістан облысының намысын қорғамақ. Үш ұлы бірдей Отан қорғау жолында қызмет ететін әулет иесінің өзі өмір бойы диқаншылық пен мал шарауашылығымен айналысқан. Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауының үшінші орын иегері – 300 мың, екінші орын – 400 мың теңге қаржылай сйыақымен марапатталса. Бас жүлдені жеңіп алған Жамаловтар отбасына 500 мың теңге табыс етілді. Аталған байқау осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр.  Дәстүрлі дода биыл онлайн форматта өтті. Өңір бойынша жалпы 186 отбасы қатысуға ниет білдірген.