Ауған әйелдеріне спортпен айналысуға тыйым салынды

44
16.09.2021 04:08

Ауғанстанның әйелдеріне енді спортпен айналысуға болмайды. «Талибанның» мәдениет жөніндегі комиссия төрағасы Ахмадулла Васик телеарналарға берген сұхбатында осылай мәлімдеді. Сондай-ақ бұл тыйым ұлттық құрамада өнер көрсететін бұрымдыларға да қатысы бар. Оның айтуынша, Ислам діні мен Ислам әмірлігі қыз-келіншектерге бет-жүзі мен дене бітімі көрінетін спорт түрімен айналысуына рұқсат бермейді. Айта кетейік, бұған дейін жаңа үкімет құрған тәліптер оқушы-қыздардың мектепке баруына қатысты ереже қабылдаған еді.  Енді олардың киімі түгел жабық болуы керек. Одан бөлек ғимаратқа артқы есіктен кірулері тиіс.