Ауғанстандағы қандардастарды қайтару қарастырылуда

32
16.09.2021 04:06

Ауғанстандағы қазақ диаспорасының мүшелерін, яғни қандастарымызды елге қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі агенттіктерінің қашықтағы уақытша кеңсесі Алматы қаласына орналастырылды. Мұны Ақордада он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоларын қабылдаған кезде Мемлекет басшысы айтты. Ал бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадяров Ауғанстанда барлығы 15-ке жуық қазақ отбасы тұратынын мәлімдеген еді. Бұл шамамен 200-дей адам. Сондай-ақ Қазақстан елшілігіне өздерін қазақ деп таныстыратын азаматтардың, түрлі топтардың жүгінуі жиілеп кетіпті. Бірақ іс жүзінде олардың ешқандай дәлелі жоқ.