Мердігер мекеме уәдесінде тұрып, қалаға су берілді. Бірақ келуін келгенмен, мүлдем екпін болмағандықтан, көпқабатты үйлердің жоғарғы бөліктеріне су көтерілмейді. Бұранданы ағытса, болмашы ғана бірер тамшы тамады. Ал ол не ауызусуға не күнделікті басқа қолданысқа жарамайды дейді тұрғындар. Сондықтан олардың күні әлі сырттан келетін суға қарап тұр.
️