Мүгедек ана мемлекеттен көмек сұрауда

683
08.09.2021 21:55

Түркістандық көпбалалы ана мемлекеттен көмек сұрайды. 10 жылдан астам уақыттан бері пәтер жалдап күнелтіп келген келіншек бүгінде далада қалғалы тұр. Жалдаған пәтерінің иесі «бір аптада босат» деген. Басқасын жалдауға қаражат, ал жұмыс істеуге күш-қайрат жоқ, яғни, денсаулығы жарамайды. Мүгедекке шыға алмай отыр. Ал, үй кезегіне тұрғанына 5 жылдан асқан. Бірақ кезегі алға жылжудың орнына кері шегініп кеткен. Толығырақ тілшіміз Әлия Мұхтарқызы.