Түркістан
EN

Мектепте хиджаб кию - заңға қайшы

371
07.09.2021 23:00

Мемлекеттік мектепте де, жеке білім беру ордасында да хиджаб кию ел заңына қайшы. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер Нукежановқа осы мәселеге қатысты сауал қойған еді. Олардың айтуынша, кейбір діни ағымдарды ұстанатын ата-аналар хиджабты "кимешек" деп атап, қыздарын тұмшалап жібереді екен. Ал Нүкежанов жауап ретінде Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы бұйрығын еске салды, оған сәйкес оқу орындарында балалар мектеп формасын киюі керек.

️