Жатақханада орын жоқ. 10 мыңға жуық студент оқитын Түркістан қаласы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің өзіне 7 бірдей жатақхана аздық етіп тұр. Мұнда жалпы 3342 студентке орын бар. Яғни жылда студенттерінің небары 40 пайызына жатақхана бере алады. Күні кеше бір жылдай қашықтан оқып қайта оралған осы оқу орны студенттерінің жатақханадан орын ала алмай жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желі арқылы шартарапты шарлап кетті. Мән- жайды анықтау үшін университет басшылығына барған тілшіміз бөлме алмай алмай жатқандар жоғары курстың студенттері екенін, ал жатақханада тек арнайы санатқа жататын, яғни, шетелдік студенттер мен грант иегерлері, жетім балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар ғана тұра алатынын біліп қайтты.
️