Жапония билігі осы жылдың желтоқсан айына қарай жергілікті тұрғындар үшін сандық екпе төлқұжатын енгізбек. Бұл туралы үкімет басшысы Ёсихидэ Суга мәлімдеді. Бұл жүйемен жаңа цифрландыру басқармасы айналысады. Қазір елде иммундауды растайтын қағаз сертификатты алуға болады. Ал сандық құжаттар шетелге саяхат кезінде қолданылады деп күтілуде. Айта кетсем, елдің билігі шілде айының соңында ковидке қарсы вакцина алған азаматтардан арнайы екпе төлқұжатын алуға өтінімдерді қабылдауды бастаған болатын.
️