Ауғанстан астанасы Кабулда әйелдер шеруге шықты.Ұрандатқан нәзік жандылар өздеріне жұмыс істеу құқығын беру мен оларды жаңа билік құрамына қосуды талап етуде. Алайда көп уақыт өтпей полиция өкілдері оларды күштеп тарқатып жіберді. Айта кетсем, бұған дейін тәліптер хиджаб киген қыз-келіншектер еш кедергісіз білім алып, жұмыс істей алады деп мәлімдеген еді. Алайда кейіннен бұл ойынан айнып қалды.
️