Сабаққа қатыспай, Түркияда діни ілім алып жүрген 2 баланың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға 30 мың теңгедей айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін білім сапасын қадағалайтын департамент басшысының орынбасары Құдайберген Шербаев айтты. Естеріңізде болса, өткен хабарларымыздың бірінде Ордабасы ауданындағы екі отбасы балаларын өзге елге діни сауат ашуға жібергенін айтқан болатынбыз. Содан мектепте ешқандай сабаққа қатыспаған. ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргенімен әлі елге қайтпады. Сондықтан айыппұл салып отыр. Жақын арада оралмаса іс сотта қаралуы мүмкін. Олар Шұбарсу және Ынтымақ ауылының тұрғындары болып шықты
ҚҰДАЙБЕРГЕН ШЕРБАЕВ - БІЛІМ САЛАСЫ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Департамент өз құзіреті шегінде жұмыстар жүргізді. Oдан әрі құқықтық нормативтік құжаттарға сәйкес орындалуы департаменттің бақылауында
️