Жүк көтергішті мас күйінде айдаған жүргізуші елді дүрліктірді

187
08.09.2021 05:58

Түркістанда жүк көтергіш көлігін тізгіндеген жүргізуші елді дүрліктірді. Тәртіп сақшыларына да бағынбаған ол басқа көліктерді таптап кете жаздаған.  Оқиға Саттар Ерубаев көшесінің бойында болған. Ескертуді елемей, қала көшелерімен қашқан жүргізушіні полицейлер жақын маңда жүрген автоэкипаждар арқылы әрең тоқтатты. Зерделей келгенде қала тұрғындарын өре-түрегелдірген жүргізушінің ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталды.