«Жайылым жерлерді ықпалды адамдар бөлісіп алған. Сондықтан қорадағы малымызды қайда жаяарымызды білмейміз». Облыстағы 150-ден астам ауыл тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселе осы. Қайсымен тілдессеңіз де өкпесі қара қазандай. 2КАМЕРА// Ағайынның ашуға булығарындай-ақ. Өңір жұртының басым бөлігі мал шаруашылығы арқылы күн көріп отқанына қарамастан, жердің көбі қалталының ұстаса қолында, тістесе аузында кеткен. Мұны билік өкілдері де растап отыр. Тиісінше, кезекті халыққа арнаған жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жайылымдық жерді ұлғайтуды тапсырды.
️