Елордада коронавирус жұқтырған 43 бала инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, ауруханаға түскен балалардың барлығы вирусты үлкендерден жұқтырған. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарды барынша сақ болуға үндеді. Дегенмен, қазір бас шаһарда қауіпті дертті жұқтырғандар саны азайып келеді. Мәселен, соңғы 2 күнде 370 орындық 3 стационар жабылған. Бұл емханалар мамыр-шілде айларында індет өршіген кезде ашылған еді. Егер жағдай ушықпаса, келесі аптада тағы екі ауруханада инфекциялық орындар қысқарады.
️