БҚО-да соңғы қоңырау күні мектеп түлегі суға батып кетті

177
26.05.2021 13:17

Шомылу маусымы басталмай тұрып, Түркістан облысында 11 адам суға кеткен. Өкініштісі сол, мерт болғандардың алтауы – жас бала. Облыс көлемінде шомылуға рұқсат етілген аймақтарда 44 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылса да, суға кету деректері әлі де азаймай тұр.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің күнделікті жұмысы осы. Әйтсе де, ескертуді елемей, рұқсат етілмеген жерлерге барып шомылатындар көбейіп кеткен. Соның кесірінен бір ғана Түркістан облысында былтыр 62 адам суға кетіп қайтыс болған. «Егер қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталмайтын болса, бұл көрсеткіш биыл 2-3 есеге артуы мүмкін», - дейді мамандар.

БЕКЖАН ӘЛІМБАЕВ – ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ

Жалпы өңірде 3000-нан астам өзен, көл бар. Ал оның 20-сына ғана суға түсуге рұқсат етілген. Жазатайым оқиғаның көбі шомылуға тыйым салынған жерлерде өтеді.

БЕКЖАН ӘЛІМБАЕВ – ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ

Жалпы ел көлемінде суға кету бойынша өткен тәуліктің өзінде бірнеше жағдай болған. Соның бірі -  Батыс Қазақстан облысында. Соңғы қоңыраудан шыққан жас жеткіншектер кешке Қалдығайты өзеніне суға түсуге барған. Соның кесірінен 17 жастағы жігіт қазақ тапты. Қазір оқиғаға орай тергеу амалдары басталды.