Ал, Түркістанда 1 «К» сыныбы ашылды. Рухани Астанада бұрын соңды мұндай болмаған. Себебі қала тұрғындары бір жылда 13 мыңға, ал оқушылар саны 1500-ге көбейген. Бұл – қуанарлық-ақ жағдай. Әйтсе де, таяқтың екінші ұшы бар емес пе? Салдарынан бүгінде кей білім ұялары үш ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр. Мәселе қашан, қалай шешілмек? Тілшіміз Нұрмахан Кенжехан таразылап көрді.
️