Pfizer екпесі қашан келеді?

277
05.09.2021 02:17

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанға американдық Pfizer екпесін жеткізу келісім-шартына әлі қол қойылған жоқ. Оның сөзінше, қазір вакцинаны елге әкелу, тасымалдау жайы қарастырылуда. Бастапқы жоспар бойынша бұл препарат қазан айында қазақстандықтарға салына бастауы тиіс еді. Бұл вакцина тек 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге егіледі деп жоспарланған.