Миллиондаған адам қараңғыда қалды

181
05.09.2021 02:13

АҚШ-та дауыл салдарынан Луизиана штаты Жаңа Орлеан қаласының миллиондаған тұрғындары жарықсыз қалды.Энергетикалық компания мәліметінше, жарық электр желілерінің зақымданғанынан сөніп қалған.Сондай-ақ дауылға 4 балдық деңгей берілген.Штат билігі қауіп төніп тұрған аймақтан тұрғындарды эвакуациялап жатыр.Жойқын дауыл сонымен қатар Мисисиппи штатын да айналып өтпеген.Табиғат апатымен күреске 3,5 мыңнан астам төтенше жағдай қызметі өкілдерімен Ұлттық гвардия жұмылдырылған. Сағатына 240 шақырым жылдамдықпен соққан жел екі аймақтың астаң-кестеңін шығарып, 2 миллионға жуық адам жарықсыз қалған.