АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Байден әкімшілігі Талибанмен ресми-дипломатиялық байланыс орнатуы мүмкін. Бұған қатысты Мемлекеттік Хатшы Энтони Блинкен түсінік берді. Оның айтуынша, толыққанды шешім әлі қабылданған жоқ. Өзекті мәселелер бойынша, диалог болса да, Талибанмен өзара сенімге негізделген қарым-қатынастың орнауының екіталай екенін айтты.
️