Аз қамтылған отбасыларға отын таратылды

216
05.09.2021 02:11

Қазақ-Түрік университеті жанына ашылған Ботаникалық бақтың құрылғанына 28 жылдан асты. Ол бүгінде оқу өндірістік орталығы ғана емес, күллі қаланың өкпесіне айналып отыр десек артық емес. Себебі мұнда жеміс беретін 150 түрлі ағаш өсіріледі. Ерекше күтімнің арқасында жайқалып тұрған бақ ағаштарын бұталау жұмыстары да қарқынды жүруде. Ал, одан шыққан ағашты қысқа отын ретінде аз қамтылған отбасыларға үлестіріп отыр.