Ауыл маңындағы жерлерді бақылаусыз пайдаланудың кесірінен жайылым алқаптардың 60 пайыз тозған. Бұл туралы Сенатының депутаты Әли Бектаев мәлімдеді. Оның сөзінше, топырақтың құнарлылығын сақтамаған шаруаларға салық салу керек. Ал мал азығы тапшылығын қуаңшылықпен ғана байланыстыру қате пікір. Сондай-ақ елде топырақ сапасын сақтауға бойынша мемлекеттік саясат жоқ. Осының кесірінен мал азығын өндіретін кәсіпорындар азайып кеткен. Бұдан бөлек Әли Бектаев депутаттық сауалында шаруаларға субсидия бөлетін кезде жер құнарлығын сақтауды талап етуді де ұсынды.
️