Төлеби ауданында тегін дәмхана бар екенін білесіз бе?

187
01.09.2021 22:41

Естімеген елде көп. Сіз тегін дәмхана туралы бұрын соңды  естігенсіз бе? Төле би ауданы Қайнар елді мекенінде кәсіпкер 30 млн теңгеге халал дәмхана салған. Онда ауызашар немесе құдайы ас өткізетіндер ешқандайда ақы төлемейді. Тіпті, ыдыс-аяқты да тегін пайдалануына болады.  Ас ішетін орынның  есігі кез-келген жанға ашық. Тек жақсы істерді жасауға ниет етсе  болғаны. Ауылда мешіт жанында орналасқан ғимарат кең, әрі әсем безендірілген. Бір мезетте  250 адамды қабылдай алады. Ал бұл нысынды салған кәсіпкер Бегалы Шералыұлы өзге де қайырымдылық іс-шаралармен айналысып, ел алғысына бөленіп жүр.