Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасы жабық екенін мәлімдеді

164
01.09.2021 22:37

Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасы жабық екенін мәлімдеді. Ал елдің cыртқы істер министрлігі Өзбекстан "Ауғанстандағы Талибан режимінен қашқан адамдарға өз шекарасын ашуға дайын" деген хабарламаны жоққа шығарды. Қазір «Термез» бақылау тексеру бекеті арқылы адамдар өтіп жатқан жоқ. Және жуық арада оны ашу көзделмеген. Ресми Ташкент Ауғанстанның ішкі істеріне араласпау саясатын ұстанатынын жеткізді. Айта кетейік,  Өзбекстан бірқатар мемлекетке Кабулдан азаматтарын эвкуациялауға қолдау көрсеткен. Бірақ өзге елдердің гуманитарлық операциясы тек әуе жолымен жүзеге асырылған.