Кабулдан АҚШ-тың соңғы ұшағы ұшып кетті. Осылайша америкалықтарды Ауғанстаннан көшіру ісі аяқталды. Сонымен бірге Құрама Штаттардың 20 жылға созылған миссиясы да соңына жетті. Бұл Америка турихындағы қатысқан ең ұзаққа созылған әскери қақтығыс. Бұл туралы Пентагон өкілі, генерал Кеннет Маккензи мәлімдеді. Ал Кабулдағы халықаралық әуежай «Талибан» қозғалысының толық бақылауына өткен.
️