— «Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында, Байқоңыр ғарыш айлағының жанында болуы тиіс. Бізде Менделеев кестесінің барлық элементтері бар, біз Жібек жолы өтетін жерде тұрмыз және т.б. Бізде барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Tesla үшін ыңғайлы жер. Марсқа бірге жетейік! Құрметпен, қала әкімі Рашид Аюпов», — деп жазды әкім.
Илон Маск 21 мамыр күні Ресейдің «Новое знание» марафонында Tesla-ның Қазақстан, Ресей және ТМД-ның басқа да елдерінде ресми түрде пайда болғандығын жариялаған болатын. Сондай ақ, Ресейде Tesla-ның электромобиль шығаратын зауыттары салынатынын атап өтті.
Атап өтейік, бүгінге дейін Алматы қаласында Tesla-ның сервис орталығын ашуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Компанияның ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналады.