Қаза болғандар саны 15-ке жетті

123
01.09.2021 22:33

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады»,- деп жазды Берік Уәли Фейсбук парақшасында.  Еске сала кетейік, 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінен өрт шыққан болатын. Соңы жойқын жарылысқа ұласқан осы бір оқиғада тапқандар саны бүгінде 15-ке жетті. Олардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Ермекбаевтың тұсында мұндай жағдай осымен екінші рет қайталанып отыр. 2019 жылы маусым айында Арыста да болған трагедияны ел сірә ешқашан ұмыта алмас.