Түлкібас ауданында алғаш рет соя егілді

176
26.05.2021 06:14

Түлкібас ауданында алғаш рет сояның жаңа сорты егілді. Тәжірибе оң нәтижесін берсе келесі жылы соя дақылын өндірістік көлемін ұлғайтып 500-600 гектар жерге егу жоспарлануда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Оңтүстік — Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми — зерттеу институты» ЖШС-нің атқарушы директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Тастанбекова қатысып, Жаскешу ауылдық округінің аумағындағы «Борсықсай» ЖШС-нің 2 гектар суғармалы жеріне ауданда соя дақылын жерсінуін бақылап, тәжірибе ретінде соя дақылын екті.
Өңірде суды үнемдеу, жер құнарын сақтау, арттыру және өнімді көбейту мақсатында бірқатар тың жобалар қолға алынған. Бұршақ тұқымдас соя дақылы әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие. Көптеген мемлекеттер оны ет тағамдарының орнына тұтынады. Жер құнарын арттыруға септігі де көп.