Жарылыстан қаза тапқандар саны артты

84
01.09.2021 22:03

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 9-ға жетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақ тапқандардың ішінде әскерилер, құтқарушылар және әскери прокуратура қызметкерлері бар. Бұдан бөлек жоғалған тағы 4 адамға қатысты деректер анықталуда. Ал бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі жарылысқа кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады.