29 тамыз күні Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Кеңес өкіметі 1949 жылдан еліміздің шығысында, адамзаттың қас жауы ядролық сынақтар жүргізе бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша, осы уақытта 450 –ден аса жер асты және ашық аспандағы жарылыстар болған. Мыңдаған адамдар зардап шегіп, жарымжан халге түскен. Халық қарсылығы негізінде жабылған ажал ордасы-бұл қазақ халқының талабы орындалғанын айқындайды. Осы атаулы күн қарасаңында Түркістан қаласы бірқатар азаматтарды марапаттады. Олар сол кезде осы полигонда әскери борышын өтегендер. Бұрынғы әскерилер "Ұлы жеңістің 75 жылдығы" және "Семей полигонының жабылғанына 30 жыл" медалімен марапатталды.
️