Қызылордадағы ойын-сауық саябағында оқыс оқиға болып, жасөспірім бала ауыр жарақаттанды. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, аттракционда кәмелетке толмаған бала екі аяғынан айырылып, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Жедел жәрдем жеткен бойда зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиғадан кейін құқық қорғау органдары іске кірісті. Тәртіп сақшылары еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, саябақтағы қауіпсіздік талаптарының қаншалықты сақталғанын тексеріп жатыр. Арнайы тағайындалған сараптамалардан кейін кінәлілер анықталады.
️