Екібастұзда әлемдік деңгейдегі IT орталық салынады

16
15.06.2026 19:30

Қазақстан бүкіл Еуразия құрлығындағы ең ірі цифрлық хабқа айналады. Үкімет американдық «Firebird» және компьютерлік чиптер шығаратын әлемдегі ең танымал «NVIDIA» компанияларымен құны 10 миллиард доллар болатын келісімшартқа қол қойды. Бұл қаржы Екібастұз қаласында жаңа үлгідегі алып деректер қоймасын, яғни заманауи компьютерлік орталық салуға жұмсалады. Онда дүниежүзіндегі ең соңғы үлгідегі 100 мыңнан астам қуатты суперчип орнатылмақ. Мамандардың айтуынша, бұл кешен 2027 жылы іске қосылғанда елімізді технология бойынша әлемдегі ең озық 10 мемлекеттің қатарына қосады. Ең бастысы,  жоба отандық жас мамандарды жұмыспен қамтымақ. Ал мемлекет қазынасына жыл сайын 3 миллиард долларға жуық таза табыс әкеледі деп күтілуде.