Бүгінде Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Хубэй провинциясы губернаторы Ли Дяньсюньмен ресми кездесуінде мәлімдеді. Тараптар инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланысты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесу соңында, екі жақты байланысты жаңа деңгейге көтеруге және халықаралық сауда әлеуетін арттыруға дайын екендерін жеткізді. Айта кетейік, Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы бауырластық қарым-қатынас туралы келісімге 2024 жылы қол қойылған болатын. Кейін Астанада өткен Орталық Азия – Қытай саммиті аясында бұл келісім ресми түрде бекітіліп, өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы қабылданды.
️