Шардара ауданында халықты сапалы ауызсумен қамтуға бағытталған ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда «Тама–Тастанбек» жерасты су көзінен су тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Тақырыпты әріптесім Бекболат Тілеуберген тарқата айтады.
Жоба аясында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, 40 шақырымнан астам магистральды су құбыры тартылып, 14 ұңғыма қазылған. Сонымен қатар су жинақтайтын мұнаралар мен сорғы станцияларының құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда жерасты суы қала маңындағы екі ірі су жинақтау нысанына жеткізіліп, жүйені іске қосу алдындағы соңғы техникалық жұмыстар жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, жоспарланған жұмыстың 90 пайызы орындалып біткен.