Енді мектепке бөлінген қаражатты дұрыс игере алмаған директорлар жұмыстан босатылады. Бұл туралы облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді. Оның айтуынша оқушы саны неғұрлым көп болған сайын, білім ордаларына соншалықты қаражат құйылады. Алайда оны оңды солды сыйақыға таратып, басқа да мақсаттарға жұмсалған қаржыдан ақ артылмайды дейді ол. Енді мектептің бюджетінен артылған қаражат түгел оқушылардың керек жарағына жұмсалуы тиіс.
️