Ел экономикасы алғаш рет 300 млрд долларлық межеден асты

15
11.06.2026 19:30

Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан асты. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдағыдан  6 жарым пайызға көп. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық тау-кен металлургия конгресінде мәлімдеді. Жиынға әлемнің 16 елінен 1 жарым мыңнан астам делегаттың жиналуы да тегін емес. Өйткені бүгінде отандық өнімдер әлемнің 127 еліне экспортталады. Сондықтан мемлекет алдағы 3 жылда жаңа кен орындарын ашып, геологияны зерттеуге қазынадан 470 миллион доллар құймақ. Бұл соңғы жиырма жылдағы ең ірі қаржылық салым. Басты мақсат шикізатты жай ғана шетелге сату емес, ел ішінде дайын өнім шығару. Капитал тартып қана қоймай, АҚШ, Қытай, Еуропалық Одақ, Жапония секілді алпауыттармен бірлесіп, сирек кездесетін минералдарды өңдейтін жаһандық орталыққа айналу.