Әлеуметтік желі – бүгінгі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оның пайдасымен қатар қауіп-қатері де аз емес. Сондықтан балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Егер жаңа талап күшіне енсе, 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігі едәуір шектелмек. Бұл бастама балаларды зиянды контенттен қорғауға бағытталғанымен, оның тиімділігі мен жүзеге асу тетіктері әлі де қоғам талқысына түсері анық.
Бұдан былай 16 жасқа толмағандар бұрыңғыдай интернет пен әлеуметтік желілерге мүлде кіре алмауы мүмкін. Бастамашылар пайдаланушылардың нақты жасын анықтайтын арнайы тетіктерді әзірлеген. Тіпті, талапты бұзғандарды жауапкершіліке тарту қарастырылып отыр.