Бір жасар бала жеке үйдің дәретханасына құлап кетті

12
10.06.2026 19:25

Түркістан облысында бір жасар бала жеке үйдің дәретханасына құлап кетті. Оқыс оқиға Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылында болған. Жекеменшік тұрғын үй ауласындағы тереңдігі 4 метр болатын дәретханаға құлап кеткен баланы абырой болғанда туыстары көріп қалған. Алайда өз күштерімен шығара алмаған соң құтқарушылардан көмек сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар арнайы құралдардың көмегімен сәбиді шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және аула аумағындағы қауіпті орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.