Сауран ауданы мен Өзбекстан Республикасының Ташкент облысына қарасты Орта Шыршық ауданы арасындағы әріптестік байланыстар нығайып келеді. Екі аймақ өкілдерінің бұған дейін өткізген кездесулері барысында жасалған келісімдердің жалғасы ретінде бүгін екіжақты ресми кездесу ұйымдастырылды. Басқосуда тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және кәсіпкерлік бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу, іскерлік байланыстар орнату және болашақтағы бірлескен жобалардың мүмкіндіктері сөз болды.
️