Шардарадан Келеске жету енді әлдеқайда жеңіл болмақ. Бұрын шұрық-тесік жолдың машақатын тартқан жүргізушілер жақын арада жаңа жолдың игілігін көреді. Құрылыс жайын тілшіміз баяндайды.
Өткен жылдың шілде айында басталған Жаушықұм–Қалғансыр бағытындағы жол құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның алғашқы кезеңінде 100 миллион теңге бөлініп, жолдың негізі дайындалды. Тас төсеу және су өткізу өткелдерін салу жұмыстары жүргізілді. Алғашқы асфальт қабаты сапа талаптарына толық сәйкес деп танылғаннан кейін мердігер мекеме жолдың үстіңгі бөлігін төсеуге кірісті. Жауапты мамандардың айтуынша, нысандағы соңғы әрлеу және абаттандыру жұмыстары алдағы апталарда толық аяқталып, жол пайдалануға беріледі.
️