Тұран арнайы экономикалық аймағында орналасқан пластик бұйымдар өндіретін кәсіпорнның өндірістік қуаты артып келеді. Өткен жылы іске қосылған зауыт бүгінде ішкі нарықты сапалы отандық тауармен қамтып келеді. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен тілшіміз Жұлдыз Шалхарбек танысып қайтты.
Біз күнделікті тұтынып жүрген мына бір пластик ыдыстар Түркістанда өндіріледі. Мына техника бір мезетте бір рет қолдануға жарамды 20-ға жуық өнім өндірсе, өндіріс кешені бір жылда 300.000 тонна осындай пластикалық ыдыстарды нарыққа жібереді.
Салат, сүт өнімдері мен түрлі сусындарға арналған бір реттік пластик ыдыстарды дайындауға мұнда 30-дан астам маман жұмылдырылған. Жұмысшылар станоктан лек-легімен өтетін пластик ыдыстарды топтастырумен қатар, автоматтандырылған желілердің жұмысын қадағалап, бағдарламалық басқаруын жүзеге асырады. Сондай-ақ кәсіпорында полиэтилен пакеттері мен пластик қаптамалар әзірленіп, тапсырыс берушілерге жөнелтіледі.
️