Алакөлдің жағалауын жаңғыртуға 15,4 млрд теңге бөлінді. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады. Өңір басшысы Президентке өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысын баяндап берді. Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткенін айтты. Сондай ақ, аймақта жалпы құны 400 миллиард теңге болатын өндірістік жобаларды іске асыру көзделген. Нәтижесінде, 2500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда бар.
Мемлекет басшысына инвестиция тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндадым. Былтырдан бастап жалпы инвестициялық жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайғанын айта кетуіміз керек. Тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,4 трлн теңгеге дейін артты. Бұл үлкен көрсеткіш.