Түркістандық журналистер тазалыққа жұмылды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ақпарат құралдарының өкілдері Қаратау өңіріндегі бұлақ бастауы мен өзен арнасын қоқыстан тазартты. Игі бастамаға «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің мамандары да белсенді қатысты. Эко-шара барысында 15-ке жуық маман 70 қапқа тарта қоқыс жинады. Ал оны күресінге жеткізу ісін Кентау қаласының тазалық мекемесі өз жауапкершіліге алды. Акция барысында БАҚ өкілдері әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға үндеу жолдап, экологияға қамқорлық бір реттік науқан емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін жеткізді.
️