Балалар арасында гаджетке тәуелділік артқан

29
08.06.2026 19:30

Елімізде соңғы 5 жылда балалар арасында сөйлеу тілінің кешеуілдеуі мен гаджетке тәуелдік күрт артқан. Шамамен 700-ден астам мектепке дейінгі ұйымның басшылары мен мамандары қатысқан сауалнама осындай  алаңдатарлық үрдісті көрсетіп отыр.  Бұл туралы жуырда өткен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында айтылды. Мұндай дерттің дендеп кетуіне байланысты қандай шаралар қолға алынбақ? Әріптесім Шынар Мұратхан әңгімелейді. 

Бүгінде гаджеттер байланыс құралы ғана емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында ұялы телефонға тәуелділік артқан. Ол балалардың сөйлеу және танымдық дамуын баяулатып қана қоймай, көру қабілетінің төмендеуіне, ұйқы режимінің бұзылуына және иммундық жүйенің әлсіреуіне сеп болады дейді мамандар.