Арыс қаласында мас жүргізушінің кесірінен үш адам қаза тапты. Жантүршігерлік оқиға кешкі уақытта болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жекеменшік үйдің қоршауын бұзып өтіп, орындықта отырған 5 адамды басып кеткен. Полиция департаменті «JAC» маркалы автокөлікті тізгіндеген әйел рөлге ішімдікке сылқия тойып отырғанын растады. Ол бір топ адамды қағып кеткен соң артынша оқиға орнынан бой тасалаған.
ҒАНИ АЙДАРОВ МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті көп ұзамай қолға түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір полицейлер тұрғындарды әлеуметтік желідегі түрлі қауесеттерге сенбей, тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырып отыр. Ал ауруханаға жеткізілген екі зардап шегуші дәрігерлердің жіті бақылауында.
️